МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫ АЯСЫНДА АРАЛДА ЖОҒАРЫ САПАЛЫ ЖИҺАЗ ӨНДІРІСІ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
Жеке кәсіпкер Жансерік Нысанбаев 2009 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Жас кәсіпкер Арал ауданында алғашқылардың бірі болып жиһаз шығаруды жандандырды. Университетті заңгер мамандығы бойынша бітірген кәсіпкер,ата-анасымен ақылдаса келе өз бизнесін ашуға бел буды. Жансерік Нысанбаев жиһаз өндіру цехына қажетті қондырға сатып алып, шағын бөлмені жалға алу арқылы өзінің бизнесін бастап кетті. 3 жыл бойы шағын бизнесінен түскен қаражатты жинақтап, жеке кәсіпкер жер учаскесін сатып алып, өзінің жеке цехын салды. Жаңа ғимаратта өз бизнесін кеңейтуге мүмкіндік алған Жансерік, одан әрі бизнесін дамытуды мақсат етті.
Жиһаз шығаратын цехқа қажетті көпфункционалды құрал-жабдықты сатып алу үшін жеке кәсіпкер Жансерік Нысанбаев «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Даму» Қорының 44% көлемінде кепілдендіруі көмегімен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие рәсімдеді. Жансеріктің сөзінше, бизнесін кеңейту жолында мемлекет қолдауының алатын орны ерекше.
- Өз бизнесімді ата-анамның қаржылай көмегімен бастадым, ал бүгінгі таңда, дәл осы сәтте маған қолдауды мемлекет көрсетті. Несие қаражатына мен өнім түрлерін көбейтуге және өндіріс уақытын жылдамдатуға мүмкіндік беретін құрал-жабдықтар сатып алдым. Жаңа қондырғының кез-келген күрделіліктегі және жоғары сапалы есіктерді шығаратын функциясы да бар, - дейді Жансерік Нысанбаев.
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Жансұлтан Матаевтың сөзінше, қазіргі таңда жиһазшығару кәсібі нарықтағы келешегі мол бағыттың бірі.
– Жансерік Нысанбаевтың бизнесі қаланған уақыттан бастап, ол жоғарғы қарқынмен дамыған. Әрине, бұл жас кәсіпкердің қажырлы еңбегінің арқасында. Осы бағыттағы тыңғылықты жұмысы кәсіпкерге екінші деңгейлі банктен мемлекет қолдауын пайдалана отырып, қиындықсыз несие алуға мүмкіндік берді. Ескере кетсек, бүгінде жас кәсіпкер 7 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр,- дейді Жансұлтан Матаев.