ОБЛЫС ӘКІМІ ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ СЕНБІЛІКТЕ АРША ОТЫРҒЫЗДЫ
2000-нан астам қызылордалық сенбілікке шықты. Айта кетейік, облыста санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында 10 қыркүйек пен 10 қараша аралығы тазалық айлығы болып жарияланған болатын.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Тағзым алаңына» барып, көппен бірге сенбілікке қатысып, арша ағашын отырғызды.
Жалпы бүгінгі күнге дейін 3 сенбілік ұйымдастырылып, 27 мың 180 метр арық жүйелері тазаланып, шамамен 457 м3 текше метр қоқыс орталық полигонға жеткізілген. Сонымен қатар, қала халқына «тазалықты күшейту жөнінде» түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында, қала көлемінде арнайы құрылған қоғамдық топ өкілдерімен тұрақты түрде рейд жұмыстары ұйымдастырылуда.
Сенбілікке облыстағы барлық мекемелер мен оқу орындары белсенді түрде қатысып, өздеріне бекітілген аулаларды қоқыстан тазартты. Бүгінгі тазалық жұмыстарына қала аумағында 23 техника жұмылдырылып, 162 текше метр қоқыс шығарылды. Жоғарыда айтқанымыздай сенбілік жұмыстары екі айға жалғасатын болады.