ҚЫЗЫЛОРДАДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Қызылорда облысында азық-түлік нарығындағы жағдай тұрақты, қандай да бір өнімдерге сұраныстың, бағалардың негізсіз артуы немесе әлеуметтік маңызы бар тауарлардың жетіспеушілігі байқалмайды. Бұл туралы азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөніндегі штаб отырысында айтылды.
Теңгенің еркін айырбастау бағамына көшу жағдайында облыста азық-түліктің және тұрмысқа қажетті тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жедел штаб құрылған болатын. Нәтижесінде барлық сауда орындарында әлеуметтік маңызды тауарларға күнделікті баға мониторингі жүргізіліп отырды.
- Қымбаттауы мүмкін деген негізгі азық-түлік тауарларының түрлері анықталып, оларды тұрақтандыру қорына сатып алуға облыстық бюджеттен 100,5 млн. теңге қаражат бөлінді. Бұл қаражаттарға қант, шай, қарақұмық жармасы, құс еті, макарон өнімдері сатып алынуда. Ең бастысы - нанның бағасы негізсіз өспейді. Теңге бағамының өзгеруі егін жинау науқанына сәйкес келгендіктен көкөніс өнімдеріне аса әсерін берген жоқ, - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов.
«Байқоңыр» ӘКК төрайымының орынбасары Нұржан Ахатов «Дәмді» әлеуметтік дүкендерінде азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті екендігін, сондықтан негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасының өсуіне ешқандай қауіп болмайтындығын айтты.
Айта кетейік, азық-түлік тауарларының қолжетімділігін арттыру мақсатында әр апта сайын қала және аудан орталықтарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Бүгінгі таңда жалпы 56 жәрмеңке өткізіліп, 817 млн. теңгеден астам 7140 тонна өнім сатылған. Ал азық түлік емес тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында облыс орталығында орналасқан 20 сауда орындарымен әріптестік мақсатта меморандумдар жасалды. Қазіргі уақытта, сауда орындарында тауарлар бағасының өсуі негізінен жаңадан алынған тауарларда байқалады. Сондай-ақ, құрылыс тауарларында да баға өсімі анықталған.
Штаб отырысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қала және аудан әкімдеріне мүмкіндігінше жағдайы төмен көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды керекті азық-түлікпен қамтамасыз ету жайын тапсырды. Сондай-ақ, негізгі қажетті дәрі-дәрмектердің, жанар-жағармайдың бағасын себепсіз көтерілуін болдырмауды жүктеді. Ал, тұрақтандыру қорының жұмысы 1 мамырға дейін ұзартылатын болды.