«БРАКОНЬЕР» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫНЫҢ 3 КҮНІНДЕ 20-ҒА ЖУЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН 5 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС-ӘРКЕТ АНЫҚТАЛДЫ
Браконьерлікті, биологиялық ресурс объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашу мақсатында 2015 жылдың 5-25 қазан аралығында облыс көлемінде өткізіліп жатырған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 күнінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың барлығы 14 құқық бұзушылық фактісі анықталды. Оның ішінде заңсыз балық аулау дерегі бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы) - 4, заңсыз аңшылық дерегі бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы) - 2, жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау дерегі бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы) – 2, азаматтық, қызметтiк қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзу дерегі бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы) – 1 құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, есепті мерзімде 5 қылмыстық дерек тіркеліп (ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша– 1, 340-бабы бойынша– 4), тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Мәселен, 2015 жылдың 07 қазанында сағат 14:00 шамасында Қызылорда қаласы, КБИ мөлтек ауданы, Сталин каналының бойында 1968 жылы туылған Сырдария ауданының тұрғыны заңсыз балық аулап жүрген жерінен ұсталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша хаттама толтырылып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (19 мың 820 тенге) айыппұл салынды.
Сонымен қатар, 2015 жылдың 06 қазанында Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылының маңында ішкі істер органдарында тіркеуде жоқ мылтық алып жүрген 1984 жылы туылған азамат ұсталды. Оның қаруы тәркіленіп, заңнама талаптарын сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша хаттама толтырылды, тиісті әкімшілік шара көру үшін іс сотқа жолданды.
Ал 2015 жылдың 07 қазанында сағат 20.30 шамасында Сырдария ауданы, Айдарлы ауылының тұрғыны 1994 жылы туылған азаматтың УАЗ маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында көліктің салонынан шабуға тыйым салынған сексеуіл отыны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 340-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі