АСТАНАДА ҚАЗАҚ-УКРАИН БИЗНЕС-ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Астанада Тәуелсіздік сарайында Украина президенті Петр Порошенконың Қазақстанға жасаған ресми сапары аясында қазақ-украин бизнес-форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BNews.kz.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, форум жұмысына Қазақстан және Украина іскерлік ортасының, мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтерінің өкілдері қатысады деп жоспарлануда. Украина тарапынан авиақұрылыс, тау-кен өндірісі, машина жасау, геологиялық барлау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және тағы басқа салалардағы ірі компаниялардың жетекшілері келіп отыр.
Іс-шара барысында Қазақстан мен Украина инвестициялық әлеуеттерін, сондай-ақ қос елдің шетелдік инвесторларына көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау шараларын таныстыра алады. Сондай-ақ тараптар бұдан арғы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқыға салатын болады.
Атап өту керек, түстен кейін форум жұмысына мемлекет басылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко да қатысады деп күтілуде.