ЕЛ АУМАҒЫНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАҢБЫР ЖАУЫП, ЖЕЛ СОҒАДЫ
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман түседі, жел соғады, тек еліміздің шығысы, оңтүстік шығысы мен батысында ауа райы ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz.
Синоптиктер Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Маңғыстау, күндіз Павлодар облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп болжап отыр. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында шаңды дауыл көтеріледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні – 23 м/с.
Қостанай облысында, Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с-қа дейін күшейеді, Қостанай облысында тұман түсуі мүмкін. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе облыстарында төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Сонымен қатар, 9 қазан күні түнде Атырау, 10-11 қазан күндері Маңғыстау, Қызылорда облыстарында 1-3 градус үсік жүреді деп болжануда.