ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА «БРАКОНЬЕР» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, браконьерлікті, биологиялық ресурс объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында 2015 жылғы 05-25 қазан аралығында облыс көлемінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған «Браконьер» өңірлік жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Облыстық ішкі істер департаментімен аталған іс-шараға арнайы жоспар әзірленіп, оны орындау үшін қалалық ішкі істер басқармасы мен аудандық ішкі істер бөліміне жолданды.
Сонымен қатар, «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасына әкімшілік полиция басқармасы, криминалды полиция, тергеу және анықтау бөліністерінің қызметкерлері жұмылдырылып, тиісті күштері мен құралдары тартылды.
Осыған орай, аңшылардың жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзған жағдайда оларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде немесе Қылмыстық кодексінде көзделген баптармен тиісті шаралар көрілетіндігі ескертіледі.
Айта кетерлік жайт, 2015 жылдың 9 айы көлемінде Қызылорда ОІІД Әкімшілік полиция басқармасының табиғатты қорғау полициясы құрылымдарымен экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бағытында біршама жұмыстар атқарылды.
Есепті мерзімде облыс көлемінде табиғатты қорғау заңнамаларын бұзу дерегі бойынша барлығы - 91 қылмыс фактісі анықталған. Оның ішінде, балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу (ҚР ҚК 335-бабы) дерегі бойынша – 2, заңсыз аңшылық (ҚР ҚК 337-бабы) дерегі бойынша – 21, өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін, құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу (ҚР ҚК 339-бабы) дерегі бойынша – 31, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау (ҚР ҚК 340-бабы) дерегі бойынша – 30 заң бұзушылықтар орын алған.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі