АӨК СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ АШЫҚТЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ
АӨК субсидиялаудың жаңа жүйесі бөлінген бюджет қаражатын жұмсауды бақылауды жеңілдетуге мүмкіндік береді, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, деп жазады primeminister.kz.
«Жаңа берiлетiн субсидиялар оңай басқарылатын болады. Мысалы, техника сатып алсаң, субсидия аласың, болды, бiттi. Себебi, ол техника есепке қойылады. Яғни, әлдеқайда тиімді болады», - деп толықтырды А.Мамытбеков.
Оның айтуынша, былтыр құзырлы органдар еліміз бойынша 4,5 мың гектарлық субсидия негізсіз бөлінгенін анықтаған. Бюджет қаражатын орынсыз пайдаланудың 2 мыңға жуық фактісінің өзі Алматы облысында ғана тіркелген.
Министр түсіндіріп өткендей, субсидиялау жүйесін қайта қалыптастырудың бір себебі әкімшілендірудің қиындығы болып табылады, ол өз кезегінде субсидия беру кезінде жемқорлыққа алып келеді.
«Аудандық əкімдік қызметкерлерінен құралған комиссия екi аптада осы жерге егін егілгенін растауы керек. Бұл өте күрделi жұмыс əрі көп уақыт алады, материалдық шығыны да бар. Сәйкесiнше, бiзде ешқандай егiн себiлмеген, себілсе де, ол егiн дұрыстап жиылмаған жерлерге де субсидия берiлген жағдайлар орын алып жатты. Себебi, субсидияның өзi ол фермер үшiн табыс болды, себебi еш шығыны жоқ», - деді министр.
ҚР Үкіметі фермерлерді субсидиялау жүйесін реформалау бойынша бағдарламаны қабылдады. Бағдарлама аясында озық технологиялар мен жабдықтар сатып алуға, кадрлық әлеуетті дамытуға баса көңіл бөлу жоспарланған.