ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛДАР ЖАЙЛЫ KAZPOSTBOT ХАБАРЛАНДЫРАДЫ
«Қазпочта» АҚ «Telegram» кросс-платформалы ақпараттық бағдарламаның ботын пайдалануды бастады.
Бүгінгі таңда @KazPostBot арқылы жіберілген сәлемдемелердің жағдайын, валюта бағамдарын және жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл жайлы ақпаратты алуға болады.
««Telegram» - iOS пен Android ақпараттық жүйелеріндегі смартфондарға, планшет пен компьютерлерге орнатылатын тегін мессенджер. Сервисті IT-бөліміндегі әріптестеріміз осы мессенджерде жасағанының себебі, елде кең тараған бағдарламалардың арасында ашық API-дың тек «Telegram» жүйесінде болуы. Біздің мамандарымыз бұл қызметті іске қосқаны, қазақстандықтарға саналған секунд ішінде ақпарат алуға мүмкіндік береді» - деп «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Байрам Азизов түсіндірді.
Бұл қызметпен қолдану үшін, алдымен «Telegram» бағдарламасын орнатып, «Поиск» тармағынан @KazPostBot дегенді табу керек. Ол тәуліктің кез-келген уақытында келесі ақпаратты бере алады:
/track – жіберілген сәлемдемелердің жағдайы жайлы ақпарат беріп, сол мезетте статустың жаңартылуына жазылым береді. Ол үшін өзіңіздің трек нөміріңізде чатқа жазуыңыз керек. *(Ескерту: трек нөмір 4 латын әріптен және 9 саннан тұрады. Мысалы: /track RK123456789KZ
/currency – ағымдағы валюта айырбастау бағамы жайлы ақпарат береді (АҚШ доллары, еуро және рубльдің теңгеге қатынасында)
/car – жол ережесін бұзғаны үшін айыппұлдар жайлы ақпаратты мемлекеттік нөмір мен мемлекеттік автокөлік тіркеу нөмірі арқылы береді. *(Ескерту: нөмірлер келесі түрде болуы керек: 123ABC01 ZE12345678 немесе A123ABC ZE12345678. Мысалы: /car 121RAA04 ZE12345678 немесе /car Z111AAA ZE12345678).