ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ЖАҢБЫР ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, тек республиканың шығысы мен оңтүстігінде күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz.
Павлодар, Батыс Қазақстан, Қызылорда, күндіз Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды, Ақмола мен Қостанай өңірлерінде түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.
Атырау облысында түнде және таңертең тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз оның екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.
Маңғыстау облысында күндіз жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ті құрайды. Алматы облысының жекелеген аудандарында желдің екпіні 25 м/с-ке дейін барады.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады. Бұған қоса, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы түнде 0-5 градусқа дейін төмендейді.