ДЕПОЗИТТЕР БОЙЫНША ӨТЕМАҚЫ АЛУҒА 230 МЫҢ САЛЫМШЫ ӨТІНІШ БЕРДІ
Бүгінгі күні теңгемен ашылған мерзімді депозиттер бойынша өтемақы алуға 230 мың салымшы екінші деңгейлі банктерге өтініш берген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банктің департамент директоры Александар Терентьев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
«Айырбас бағамының өзгеруіне қатысты қабылданған бағдарлама аясында Ұлттық банк жалпы сомасы 250 млрд теңге болатын 1 млн 700 мың депозит бойынша өтемақы төлеуді жоспарлап отыр», - деді А.Терентьев.
Оның атап өтуінше, депозиттерді қайта рәсімдеу бойынша өтініштерді қабылдау мерзімі 1 қазаннан 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.
«Өтемақы алу үшін мерзімді депозитті арнайы банк есепшотына аударғаннан кейін бір жыл бойы сақтау негізгі шарт болып табылады», - деп толықтырды ол.
Оның мәліметінше, 2015 жылдың бірінші қазанындағы жағдай бойынша депозиттерді қайта рәсімдеу үшін салымшылардан 230 мың өтініш келіп түскен.