ҚАЗАҚСТАН АҚШ-ҚА УРАН ЖЕТКІЗУДЕН БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ
Қазақстан АҚШ-қа уран жеткізуден бірінші орынға шықты. Бұл туралы елдің Энергетика министрлігінің статистика жөніндегі агенттігі хабарлап отыр, деп хабарлайды 24.kz.
2014 жылы Қазақстан 100 америкалық атомдық электр стансасын 12 миллион фунт, яғни 5,4 мың тонна уранмен қамтамасыз еткен. Бұл 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге көп. Осылайша жалпы көлемде біздің елдің үлесі 23%-ды құрап отыр.
Қазақстан АҚШ-қа ядролық отынның бір фунтын шамамен 44,5 доллар бағамен жеткізіп, бұған дейінгі жетекші мемлекеттер – Канада, Австралия мен Ресейден басып озған.