В.ЛОССЕРТАЛЕС ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫН ОҢ БАҒАЛАДЫ
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің құрылысы кестеге сай жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
«Осы күндері ЭКСПО көрмесіне дайындық барысын түрлі бағытта бағалауға мүмкіндік болды. Соңғы рет наурыз айында келген болатынмын. Сол уақыттан бері көп оқиға болды, бірақ Қазақстан үкіметінің ЭКСПО-2017 көрмесіне деген қызығушылығы кеміген жоқ. «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы басқармасының жаңа төрағасымен біраз мәселелерді талқыладық. Ол ұлттық компанияны үлкен сын-қатерлерге дайындап қойған. Ең алдымен, әлемдегі ешбір мемлекет сырт қалмаған қазіргі экономикалық дағдарыс жағдайында белгілі бір құрбандыққа баруға тура келеді. Дегенмен, ЭКСПО көрмесінің бюджеті жеткілікті, енді оны тиімді басқару қажет», - деді баспасөз мәслихатында В.Лоссерталес.
Оның сөзінше, көрме нысандарының құрылысы кестеге сай жүргізіліп жатыр.
«Құрылысқа келетін болсақ, ол үзіліссіз жүргізілуде. Кеше мен құрылыс алаңында болып, бұл жобаның кестеге сай, тіпті мерзімінен бұрын орындалып жатқанына көз жеткіздім», - деп толықтырды ол.