ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛҒАНДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІН ЖӨНЕЛТУ КҮНІ БЕЛГІЛЕНДІ
Күзде әскерге шақырылғандардың алғашқы легін бөлімдерге жөнелту күні анықталды, деп хабарлайды BNews.kz.
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, алдын ала шақырылушылар 19 қазаннан бастап Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне жөнелтіледі. Қазір Қарулы Күштер, ҰҚК Шекара қызметі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімдері үшін әскери командаларды алдын ала қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Әскери бөлімдерді жасақтау эксаумақтық және аумақтық қағидаттар бойынша жүзеге асырылады. Бөлу кезінде шақырылуға дейінгі болашақ сарбаздардың алған мамандықтары, дене және моральдық-психологиялық дайындығы ескеріледі.
1 қазанда елімізде күзгі шақыру кампаниясы басталғанын естеріңізге сала кетейік. Аудандық және облыстық комиссия жігітттерді медициналық куәландыруды, жеке істерді зерделеуді жүзеге асырады, ата-аналарымен түсіндірме жұмыс жүргізеді.
Осы күзде мерзімді әскери қызметке кейінге қалдырылуға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 12 мыңнан аса қазақстандықты жолдау жоспарлануда. Олардың 4000-ға жуығы Қарулы Күштердің бөлімдерінде қызмет ететін болады.
Шақыру кампаниясы басталысымен арнайы «қауырт желі» жұмысын бастағанын айта кеткен жөн. Азаматтарға ҚР Қарулы Күштері мен Бас әскери-медициналық басқармасының мамандары кеңес береді. Сұрақты 8 (7172) 72-13-89, 72-13-82, 39-33-37 телефондарына қоңырау шалу арқылы қоюға болады.