ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН АШЫҚ
Қазақстанның басым аумағында күн жауын-шашынсыз. Тек батыста атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, тұман түседі, деп хабарлайды BNews.kz.
«Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, түнде Солтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырау, Шығыс Қазақстан өңірлерінде түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.