СЫЗҒАНОВ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚТЫҢ МАМАНДАРЫ 4 АЙ ІШІНДЕ 3,5 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ НАУҚАСТАРДЫ ТЕКСЕРДІ
Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары осы жылдың мамыр айынан бастап Қызылорда облысында жүрек-қан тамырлары, тыныс жолдары және бүйрек ауруларын төмендету, бастапқы санитарлық-медициналық көмек көрсету бағытындағы жоба негізінде жұмыс жасауда. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Алматы қаласынан арнайы келген А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандарымен кездесті.
Кездесуде облыс әкімі Қ.Көшербаев жобаның маңыздылығына тоқталып, Жеткерген Арзықұлов бастаған Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандарына алғысын айтты.
- Мамыр айынан бастап Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары 3,5 мыңнан астам науқастарды қабылдап, нәтижесінде біздің аудан-ауылдардағы тұрғындарымыздың денсаулық деңгейі бақылануда. Бұл жоба осынысымен де құнды. Жалпы, облыстың денсаулық сақтау саласы жіті назарамызда. Алдағы уақытта облыста жүрек-қан тамырлары ауруларының салдарынан өлім-жетім көрсеткіштерін төмендету және алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында Арал, Жаңақорған, Сырдария аудандары үшін кардиологиялық стандарт (холтер, тредмил тест, эхокардиограф) сатып алу жоспарланып отыр, - деді аймақ басшысы.
Өз кезегінде Ұлттық орталықтың директоры Жеткерген Арзықұлов әрі қарай да бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Жиын соңында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев орталық мамандарын Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен марапаттады.