ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ
Бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда комитет мүшелері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.
Аталған заң жобасы азаматтардың әлеуметтік бастамаларын іске асырудың пәрменді құралы болуға тиісті қазақстандық қоғамды одан әрі әлеуметтік жаңғырту және азаматтық қоғам институттарын жетілдіру мақсатында Елбасының тапсырмасына сәйкес әзірленген. Бұл ретте құжатта үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін, олардың қызметтерінің ерекшеліктерін ескере отырып, құқықтық реттеу тетіктерін жетілдіру, сонымен бірге қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қолдау шараларын қамтиды. Сондай-ақ заң жобасына сәйкес, мемлекеттік органдар үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылын жетілдіруде бірқатар бағыттар бойынша шаралар атқаратын болады. Атап айтқанда, ҮЕҰ үшін мемлекеттік, мемлекеттік емес гранттар мен республикалық және өңірлік деңгейдегі әлеуметтік міндеттерді шешуге едәуір үлес қосқандары үшін сыйақылар түрінде қаржыландырудың жаңа нысандары енгізіледі. Бұдан бөлек, мемлекет пен қоғамда болып жатқан процестерге жедел ден қою мақсатында ҮЕҰ гранттық қаржыландыру саласындағы бірыңғай оператордың функцияларын орындайтын ұйым құрылады. Сондай-ақ заң жобасы шеңберінде ҮЕҰ жауаптылығын нақтылау, олардың қоғам алдындағы ашықтығын қамту қағидаттары да қарастырылып отыр.
«Тұтастай алғанда, заң жобасы арқылы ҮЕҰ жобаларын гранттық қаржыландыру енгізіледі. Осыған орай, құжаттың баста мақсаты ҮЕҰ қолдау, оларды жетілдіру мен дамыту болып табылады. Гранттардан бөлек, ҮЕҰ үшін арнайы сыйақылар тағайындалады. Жаңа ережеге сәйкес, гранттар ҮЕҰ-ға бейімдендірілген конкурстар арқылы берілмек. Сыйақылар жыл сайын ҮЕҰ үшін 15 аталым бойынша ұйымдастырады», - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов.
Оның айтуынша, сыйақылар ҮЕҰ өзара әрекеттестік жөніндегі Үйлестіру кеңесінің ұсынымдары бойынша жүзеге асады, ал кандидаттар қоғамдық және мемлекеттік органдар тарапынан ұсынылады.
Құжатты талқылаудан соң сенаторлар заң жобасын палатаның алдағы уақытта өтетін жалпы отырысына шығару туралы шешім қабылдады.