ШЕТЕЛДЕ ТҰРАТЫН ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛАРЫ ӨКІЛДЕРІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақ хандығының 550-жылдығы мерейтойы аясында шетелде тұратын қазақтармен қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында құрамында шетелде тұратын қазақ диаспоралары өкілдері бар АНТ мүшелері жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесті.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорымен ұйымдастырылған жоба аясында Сыр еліне ат басын тіреген Грмания, Түркия, Франция, Қытай, Монғолия, Сауд Арабиясына, Ресейден және тағы да басқа мемлекеттерден келген ақпараттық топ мүшелері жергілікті зиялы қауым өкілдерімен, ұстаздармен, жастармен рухани кездесулер өткізуде.
Кездесу барысында шет елдердегі қандас бауырларымыздың тұрмыс-тіршілігі, ұлттық салт-дәстүрді ұстануы, жастардың тәрбиесі жайлы мәселелері көтеріліп, тұщымды ойлар айтылды.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА