СЕНАТТА ҚР КӘСІПКЕРЛІК КОДЕКСІ ҚАРАЛДЫ
ҚР Парламенті Сенатында Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда «Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» ҚР Кәсіпкерлік кодексі жобасы қаралды.
«Жоба мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуын, кәсіпкерлік саласындағы өзін-өзі реттеуді, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің жауапкершілігін қарастырады. Сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасы да анықталып көрсетілген», - деді ҚР әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина заңжобасын таныстыру барысында.
Заң жобасы палата қарауына жіберілді.