ЕЛІМІЗДІҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ ТӨМЕНДЕЙДІ
6-7 қазанда Қазақстанның бірқатар облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты «Қазгидромет» РМК дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BNews.kz.
Синоптиктердің болжамынша, 6-7 қазанда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде сынап бағанасы 0-5 градус аязды көрсетеді.
6 қазан күні Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе өңірлерінде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді.
Еліміздің басым аумағында күн жауын-шашынсыз. Кей бөліктерде тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 25 м/с-ке дейін барады, түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, түнде Маңғыстау аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында да жел соғып, түнде тұман түседі деп күтілуде.
Ақмола, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.