ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына Делмұханов Марат Нұрсайынұлы тағайындалды.
М. Делмұханов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында дүниеге келген.
2000 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін - бухгалтер-экономист, 2006 жылы аталған университетті - заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Батыс Қазақстан облысының экономика басқармасының бас маманы ретінде бастаған. 2002-2010 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының талдау-эксперттік бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2010-2013 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2013 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.