АСТАНАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
«Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ел». Жаңа ғана осындай атаумен Астанада Республикалық патриоттар форумы басталды, деп хабарлайды 24.kz.
Форум жұмысына Қазақстанның барлық өңірлерінен 2 мыңнан астам делегат қатыспақ. Олардың арасында өз мамандықтарының үздік өкілдері - дәрігерлер, мұғалімдер, өнеркәсіп жұмысшылары, ауылшаруашылығы қызметкерлері, табысты кәсіпкерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жеңімпаз спортшылар, талантты актерлер мен мәдениет қайраткерлері бар. 2007 жылдан бері «Патриоттар форумы»жылдың айтулы іс-шаралары аясында еліміздің әртүрлі қалаларында өткізіледі. Биылғы Форум Мемлекет басшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына арналып отыр. Форум аясында «Жыл патриоты» атты жыл сайынғы байқаудың салтанатты қорытындысы шығарылады деп күтілуде. Байқауда ерлік көрсеткен, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілігін күнделікті еңбегі мен нақты істерімен дәлелдей білген қазақстандықтар жеті номинация бойынша марапатталады. Сөйтіп олардың есімі ел патриоттарының алтын тізіміне енгізіледі.