ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ БОЙ КӨТЕРДІ
Қызылорда қаласы Ақмешіт мөлтек ауданында жаңа мешіттің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Еңбек Ері Абзал Ералиев, Мүсірәлі баба атындағы қордың басшысы Сәмит Далдабаев, ҚМДБ-ның Қызылорда бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бас имамы Талғат Омаров және қала тұрғындары қатысты.
Жалпы жобалық құны 210 млн. теңгені құрайтын 400 адамға арналған имандылық үйі «Абзал и К» толық серіктестігінің қолдауымен салынды. Бас мердігер «Абзал Проект Консалтинг» ЖШС мешіт құрылысын 2014 жылдың қыркүйегінде бастаған болатын. Ғимаратта үлкен зал, әйелдер бөлмесі, дәрісханалар, бас имамның бөлмесі бар.
Салтанатты жиында «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров А.Ералиев пен ҚМБД төрағасы Ержан қажы Малғажыұлына рахметін айтып, қасиетті Құран кітабын сыйға тартты. Жаңа мешітке бұрын «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ұзтаздық қызмет еткен Берік Арын бас имам болып тағайындалды.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА