ЕЛІМІЗДЕ ОТАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН КӨПТЕП ШЫҒАРУ ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ
Астанада әлемнің 30-дан астам елінен 700-ге жуық қатысушының басын қосқан Қазақстан машина жасаушыларының ІІІ форумы болып өтті. Форум барысында ауыл шаруашылығына қажетті техника шығару мәселесі сөз болды. ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Раудың пікірінше, қазіргі басты міндет – отандық техника өндірісін жолға қою. Сонымен қатар жаңа экономикалық ахуалда саланы дамыту әдістері, ауыл шаруашылығы саласының бүгінгі жай-күйі қозғалды, деп хабарлайды BNews.kz.
ҚР ИДМ мәліметінше, Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын 50-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді.
«2013 жылдан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылық техникасының лизингісі бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін арзандату жөнінде бағдарламаны жүзеге асырып келеді. Аталған бағдарламада жылдық 14%-дан жоғары емес сыйақы мөлшерлемесімен ауыл шаруашылық техникасының лизингін субсидиялау қарастырылған, оның 7%-ын лизинг алушы төлесе, қалған 7%-ы республикалық бюджет есебінен өтеледі. Мал шаруашылығы мен мал азығы өндірісінде қолданылатын техника бойынша сыйақы мөлшермелесі 10%», - дейді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров.
Оның айтуынша, қазіргі таңда өсімдік пен мал шаруашылығында субсидиялау тиімділігін арттыру мәселесі қызу талқы үстінде.
«Түрлі қиындықтарға қарамастан, аграрлық сектор бүгінде дамып келеді және дамуын тоқтатпайды да. Шаруаға техника әрқашан қажет. Сол себепті өз елімізде шығарылатын техниканы барынша көбейту біздің алдағы міндетіміз болып табылады», - деп атап өтті Альберт Рау.