«ҚЫЗЫЛОРДА ЖАБЫҚ ОБЛЫСҚА АЙНАЛАДЫ» ДЕГЕН БОС ӘҢГІМЕ»
Соңғы кезде ел аузында «Қызылорда болашақта жабық облысқа айналады» деген сөз желдей есіп жүр. Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-ның баспасөз мәслихатында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Мұхамедов осыған байланысты пікір білдірді.
«Бұл – бос әңгіме. Қызылорда ешқандай да жабық облысқа айналмайды, алаңдауға негіз жоқ», - деді сенатор. Оның айтуынша, Сыр өңірінің дамуы мұнай өндірісінің өркендеуіне тікелей тәуелді. Сонымен қатар қазақтың ата кәсібі – мал шаруашылығына маманданған қожалықтар санын арттыру қажеттілігі туып тұр. Оның ішінде күй талғамайтын түліктер басын көбейткен жөн.
Саясаткер Қазақстанның экономикалық кеңістікке кіруіне байланысты да пікірімен бөлісті. «Интеграциялық келісімшартта саяси мәселе қозғалмайды, бұл – таза экономикалық мүддеге бағытталған одақ», - деді Мұрат Мұхамедов. Оның сөзінше, Қазақстан, Ресей мен Беларусьтың электр энергетика тарифтері – 2019, ал мұнай өнімдері бойынша тариф 2016 жылға дейін теңестіріледі. Қазақстан төрт-бес жылдан соң өзін мұнаймен толық қамтамасыз ететін болады.
Назерке САНИЯЗОВА