ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІМЕН «ҚАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС ТОБЫН ҚҰРАДЫ
Қызылордада облыс әкімдігімен «Қазкоммерцбанк» АҚ ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Меморандумға сәйкес, қос тарап Қызылорда облысының кәсіпкерлік субъектілерімен экономикалық белсенділігін арттыру бойынша бірлесе жұмыс жасайды. Осы меморандум аясында әкімдік пен банк шағын және орта бизнестің индустриалдық-инновациялық жобаларын қолдауға, қазақстандық мазмұнын арттыру мақсатында өңдеу өнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобалардың енгізілуіне аса көңіл аударады. Әріптестіктің негізгі бағыттарының бірі бизнесті қолдау және дамыту бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады.
Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасына ұсынысты қолдаған үшін алғысын білдіріп, банк қызметкерлерінің жұмыстарына табыс тіледі.
- Біздің аймағымыз серіктестік орнату үшін өте қолайлы. Біз ЕҚҚДБ, АДБ, БҰҰ даму бағдарламасы және басқа да халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесе жұмыс жасаймыз. Кеше облысымызда орта тапты қалыптастыру бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті. Сіздің шағын және орта бизнесті қолдау бойынша бірлескен жұмыс тобын жасау жөніндегі ұсынысыңызды қолдаймын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
- Қазақстандағы ең ірі несие беруші банк және отандық кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы ретінде «Қазкоммерцбанк» жергілікті атқарушы билік органдармен тиімді серіктестік қарым-қатынасты орнатуға мүдделі және Қызылорда облысы кәсіпорындарымен әріптестікті нығайтып, кеңейтуге бағытталған. Сондай-ақ, біз жоспарлаған мемлекеттік бағдараламалардың бәрін жүзеге асыруды жалғастырамыз және өз тарапымыздан ұтымды жобаларды тиімді келісім шарт негізінде қаржыландыруға дайынбыз, - деді банк басқарма төрағасы Мағжан Әуезов.
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Годунова және облыстық кәсіпкерлік және туризм басқарамасының басшысы Мирас Төлебаев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып, әлеуетті серіктестік салаларын таныстырды. Өз кезегінде «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасы М.Әуезов және басқарушы директорлар банк қызметі туралы айтып берді. Банк делегациясы түс ауа өңірлік кәсіпкерлермен кездеседі және бірқатар өндірістік нысандарды аралайды.