ДИПЛОМАТ, ЭКОНОМИСТ Б.Н.ПАСТУХОВ: «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ДАМУЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЗОР»
2 қазан күні Қызылорда облысы әкімдігінде «Орта тапты қалыптастыру: қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Талқылауға атақты қазақстандық және шетелдік сарапшылар – Еуразиялық экономикалық комиссияның, Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлердің халықаралық конгресінің, «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Ресей сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері, "Опора России” шағын және орта бизнестің бүкіл¬ресейлік қоғамдық ұйымының ресми делегациясы, бірқатар қазақстандық университеттердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдарының басшылары қатысты.
«Халықаралық сауда орталығы» ААҚ бас директорының аға кеңесшісі, Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіп палатасының ШЫҰ және ТМД елдерінің экономикалық бірігуі мәселелері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Борис Пастухов «Шағын және орта бизнесті дамыту және ғылыми-техникалық прогресс орта тапты қалыптастырудың факторы ретінде» тақырыбында баяндама жасады.
- Кеше біз Байқоңырға барып қайттық. Сіздердің облыстарыңыздың даму әлеуеті зор, мұнда логистика керемет дамыған және көненің көзі болып табылатын бірегей ескерткіштер және Байқоңыр ғарыш айлағы шоғырланған. Біз өз тәжірибемізбен және озық технологияларымызбен бөлісуге дайынбыз, алдағы уақытта ынтымақтастығымыз одан әрі нығаяды деп үміттенеміз, - деді Борис Николаевич.