СЫР ДИҚАНДАРЫ ЕЛБАСЫНА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ
Қызылордалық диқандар соңғы үш жылда Сыр маржанынан рекордтық көрсеткіште өнім алып келеді. Бүгін күні кеше егін жинау жұмыстарын аяқтаған диқандардың кұрметіне арналған «Алтын күз» салтанатты шарасы өтті. Осы басқосуда Елбасының ауыл шаруашылық саласына көрсетіп жатқан қолдауына алғыс білдіру мақсатында қызылордалық диқандар Үндеу жолдады.
– Аса құрметті Елбасы! Сіз ауыл шаруашылығы ел экономикасының басым-бағыттарының бірі ретінде белгілеп, агробизнесті дамытуда бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетіп келесіз. Соның арқасында еліміздің агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамыды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында Сыр елінің басты кәсібі күріш өндірісінің көлемі мен төрт түлік малдың саны едәуір өсті. Соңғы екі жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестиция көлемі 7,7 есе артты. Сыр бойының диқандары кеше ғана күріш жинауды аяқтап, 84 мың гектар егістіктің әр гектарынан 50,5 центнерден өнім алды. Ел қамбасына 423 мың тонна күміс күріш құйылды. Бұл Тәуелсіздік тарихындағы рекордтық көрсеткішке соңғы үш жыл қатарынан қол жеткізілді.
Ұлы даланың қасиетті пұшпағы Сыр елі халқының атынан диқандарға, малшыларға, балықшыларға көрсеткен қамқорлығыңыз үшін Өзіңізге зор ризашылық білдіреміз.
Сыр өңірі еңбеккерлері мен барлық тұрғындары Сіздің жасампаз бастамаларыңызды іске асырып, Мәңгілік елдің нұрлы жолында аянбай еңбек ететінімізге сендіреміз, - делінген Үндеу хатта.
Қызылордалық диқандардың атынан Елбасына арналған Үндеуді ҚР Еңбек Ері Абзал Ералиев оқып беріп, барлығы бірауыздан қолдады.