АСТАНАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТАР ФОРУМЫ ӨТЕДІ
Астанада 5 қазанда жыл сайынғы республикалық патриоттар форумы өтеді. Биылғы форум «Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ұлт» тақырыбын арқау етеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Биылғы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Ағымдағы жылғы патриоттар форумы Осы мерейтойға арналған. Бұл форумның тақырыбы – «Мәңгілік ел - болашағы біртұтас ұлт». Неге біз өзімізді біртұтас ел дейміз? Өйткені біздің тағдырымыз бір, тарихымыз бір, болашағымыз да бір болуы керек. Осы ұлы идеяны дәріптеп, насихаттау үшін осындай іс-шаралар өткізіліп жатыр. Биылғы жыл тағы да басқа атаулы даталарға толы жыл. Оның бірегейі - Қазақ хандығының 550 жылдығы. Ассамблеяның бастауымен үлкен экспедиция қазір Қазақстанның өңірлерін аралап жүр», - деді Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Ғазиз Телабаев.
Биылғы жылы республикалық патриоттар форумы 5 қазанда Астанада өтеді.
«Патриоттар форумы 2007 жылдан өткізіліп келеді. Әр форумның көтерер жүгі өте қомақты, өйткені әр жиында өзін патриот ретінде танытқан адамдарды дәріптейміз, сыйлықтар береміз. Мұндай шаралардың тәрбиелік мәні зор, жас буын өзін осы патриоттарға теңеп өседі», - деп толықтырды Ғ.Телебаев.