ОРТА БУЫН – ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ
Бүгін Қызылорда обылсының әкімдігінде «Орта буынның қалыптасуы: қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болды. Жиынға еліміздің және шет елдерден келген танымал сарапшылар, Еуразиялық экономикалық комиссиясы және Халықаралық өндірістік және кәсіпкерлік конгресінің өкілдері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Ресейдің сауда-өндірістік палатасы, ресейлік «Опора России» кіші және орта кәсіпкерлік ұйымы, сондай-ақ Қазақстанның бірқатар жоғарғы оқу орындарының басшылары қатысты.
Аймақ басшысы Қ.Көшербаев өз сөзінде микробизнестің, сонымен қатар, кәсіпкерлік ортаны алға жылжытушы экономикалық белсенді халықтың аяғынан тік тұруына жағдай жасалу керектігін алға тартты.
Шарада Польшаның жалпы ішкі өнімнің 50 пайызын құрап отырған кіші бизнесінің тәжірибесі мысалға алынып, орта буынның негізі ретінде микробизнестің болашағы талқыланды. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақтың кәсіпкерлікті дамытуға тигізер пайдасы қаралды.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА