БIЗ САПАЛЫ КӘСIБИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БIЛIМНIҢ ҚОЛЖЕТIМДIЛIГIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КЕРЕКПIЗ – Г.ӘБДIҚАЛЫҚОВА
Бiз, ең алдымен, сапалы кәсiби-техникалық бiлiмнiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету керекпiз. Бұл жөнiнде техникалық және кәсiптiк бiлім беру жүйесiнiң 75 жылдық мерейтойы аясында өткен халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференцияда ҚР Мемлекеттiк хатшысы, WoldSkills International қазақстандық қозғалысының Қамқоршылық кеңесiнiң төрайымы Гүлшара Әбдiқалықова мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев адами капиталды дамыту Қазақстанның қазiргi заманға сай қалыптасуы мен қарыштап өсуiнiң басты шарты ретiнде белгiлеп бердi. Яғни, бәсекеге қабiлеттi адами капитал арқылы бiз елiмiздiң негiзгi межесi саналатын «Қазақстан - 2050» стратегиясында белгiленген мақсаттарға қол жеткiзетiн боламыз. Ел үшiн қиын кезеңге қарамастан, мемлекет жаңа бiлiмдi, технологияларды, тәжiрибенi игерген және әлемдiк аренада бәсекеге қабiлеттi бiлiктi кадрлар буынын дайындауды жалғастырып жатыр. Жоғары деңгейлі мамандар дайындау үшiн ең алдымен инвестиция қажет. Адам капиталын дамытуға салынған инвестициялар капитал салымдарынан әлдеқайда көп дивиденттер алып келедi. Сарапшылардың пiкiрiнше, бiлiм беру сапасын күшейту елдiң ЖIӨ-нiң өсіреді. Мұның барлығы жаңа технологияларды түрлендiруге, өнiмдiлiктiң және еңбек тиiмдiлiгiнiң артуына, өндiрiстiк шығындардың азаюына, өндiрiс процестерiн автоматтандыруға ықпал етедi», - дедi Мемлекеттiк хатшы.
Г.Әбдiқалықованың айтуынша, бұл жағдайда бизнес қауымдастықтар, бiлiм беру құрылымдарының әлеуметтiк саланы жетiлдiруде бiрлесiп жұмыс iстеп, белсендi қатысуының, ал азаматтардың бiлiм алып, қызығушылық танытуының маңызы зор.
«Ең алдымен бiз сапалы кәсiби-техникалық бiлiмнiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету керекпiз. Бүгiнде алдымызда үлкен мiндеттер тұр. Бiрiншiден, кәсiби бiлiктiлiкпен бiрге бiлiм беру бағдарламаларының түрi мен деңгейін синхрондау қажет. Екiншiден, бiлiм беру сапасының халықаралық жүйесiне сәйкес сапаны арттырудың ашықтығын арттырып, нақты шараларды қолға алу керек. Үшiншiден, жас шектеуiнсiз өмiр бойына бiлiм берудiң барлық деңгейiне еркiн қолжетiмдiлiк қамтамасыз етілуі тиіс», - деді Г.Әбдiқалықова.
Сонымен қатар, аталған мерейтойлық шара аясында бүгiн Астана қаласында «Астана-Политехник» колледжi ашылды. Аталған жоғары техникалық мектепте техникалық және кәсіби бiлiм беру жүйесiндегi шетелдiк көшбасшы серiктестермен ынтымақтастық негiзiнде әлемдiк стандарттарға сәйкес білім беріледі.