БИЫЛ 12 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРЫЛАДЫ
1 қазанда Қазақстанда «Күз-2015» шақыру кампаниясы басталды. Күзгі шақырылыммен Қазақстанның Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке кейінге шақырылуға немесе шақырудан босатылу құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 12 мыңнан аса қазақстандықты жолдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Bnews.kz.
Шақыруды ұйымдастыру және өткізумен жергілікті әскери басқару органдарымен (әскери комиссариат) бірлесіп жергілікті атқару органдары (әкімдіктер) айналысады.
Шілде мен қыркүйек аралығында шақыру контингентін зерделеу, шақырылушылармен, олардың ата-аналарымен, олар оқып жүрген және жұмыс атқарып жүрген оқу орындары, кәсіпорын өкілдерімен жеке әңгімелер жүргізілді.
Әскери бөлімдер бойынша іріктеу және бөлу кезінде шақырылуға дейінгі болашақ мерзімді әскерилердің алған мамандықтары, денсаулық жағдайы, дене және моральдық-психологиялық дайындығы ескеріледі. Қосымша медициналық куәландыру, яғни, наркологиялық тестілеу, гепатит пен туберкулезге зертханалық зерттеу шаралары көзделген.
Әскери бөлімдерді жасақтау эксаумақтық және аумақтық қағидаттар бойынша жүзеге асырылады.
Шақыру кампаниясы барысында қазан мен желтоқсан аралығында арнайы «қауырт желі» жұмыс атқарады. Азаматтарды шақырудың барлық мәселелері бойынша ҚР ҚК мен ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасының өкілдері кеңес береді.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына мерзімді әскери қызметке шақыру «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына, сондай-ақ «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа босату туралы және Қазақстан Республикасы азаматтарының сәуір-маусым мен қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақырылымы туралы» ҚР Президентінің жыл сайынғы Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.