БҮГІН БҮКІЛ ӘЛЕМДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАРҒА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КҮНІ АТАЛЫП ӨТУДЕ
29 тамызда бүкіл әлем Қазақстан бастамасы бойынша жарияланған Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін атап өтуде, деп хабарлайды BNews.kz.
Бұл күні Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен әлемдегі көлемі бойынша екінші орындағы Семей ядролық полигоны жабылды. Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні (International Day Аgainst Nuclear Tests) 2009 жылғы 2 желтоқсанда өткен БҰҰ Бас ассамблеясының 64-ші сессиясында бекітілді. Резолюция жобасын Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев ұсынды. Ал 26 мемлекет аталмыш резолюцияның бірлескен авторы атанды. Халықаралық күн алғаш рет 2010 жылы аталып өтті.