ҰЛТТЫҚ БАНК КЕЛІМБЕТОВТІҢ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТКЕНІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ
ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі Қайрат Келімбетовтің қызметінен кеткені туралы ақпаратты растаған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Ұлттық банк қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов қазіргі таңда Үкіметтің экономикалық саясат жөніндегі кеңесінің Астанада өтіп жатқан отырысында", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Бұған дейін ақпарат құралдарында Келімбетовтің қызметінен кететіні туралы ақпарат дереккөздеріне сілтеме жасап таралды.
Еске сала кетейік, Қайрат Келімбетов 2013 жылы 1 қазанда Ұлттық банктің төрағасы болып тағайындалған еді. Оған дейінгі төраға Григорий Марченко өзінің өтінішімен отбасылық жағдайларға байланысты қызметінен кеткен болатын. Бұрын Келімбетов "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары, "Қазына" Тұрақты даму қоры" мемлекеттік холдингінің басқарма төрағасы және президент әкімшілігінің басшысы болды. Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорын" басқарды. 2011 жылы сауда және экономикалық даму министрі болып тағайындалды, ал 2012 жылы ҚР премьер-министрінің орынбасары болды.
Келімбетов Ұлттық банкке келгеннен кейін 2014 жылы ақпанда доллардың бағамы 150-ден 180 теңгеге көтерілді. 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.