«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ЖОБАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҚҚА ИЕ БОЛДЫ
Бүгін Қызылорда облысы әкімдігінің ситуациялық орталығында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Қызылорда облысы әкімдігінің ситуациялық орталығына халықаралық сыйлық тапсыру рәсімі өтті.
Нидерланды елінің Амстердам қаласында өткен аудиовизуалды инновациялар көрмесінде Ситуациялық орталық жобасы «Үздік басқару орталығы» номинациясын жеңіп алды. Айта кетейік, Ситуациялық орталық еліміздегі ең алғашқы аймақтық жоба болып табылады.
Аймақ басшысы халықаралық көрме марапатын жобаны көрмеге апарып таныстырған «Полимедиа» компаниясының құрылтайшысы Елена Новикова мен облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы Индира Ақжігітоваға тапсырды.
Аталмыш жоба мен Қазақстан мен Ресейдің басқару жүйесіндегі тәжірибелер шетелдіктердің қызығушылығын туғызған көрінеді.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА