БҮГІН БАЙҚОҢЫРДА «ПРОГРЕСС М-29 М» ҒАРЫШ ЖҮК КЕМЕСІ ҰШЫРЫЛАДЫ
Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз-У» зымыраны мен «Прогресс М-29М» жүк кемесін ұшыртуға дайындық аяқталып жатыр.
Роскосмостың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғарыш жүк кемесі ғарыш айлағының №1 алаңына орналастырылды. Зымыран-ғарыш саласының мамандары ұшу алдындағы ұшыру кешенінің жүйелері мен зымыран тасығышты тексеру жұмыстарын аяқтағалы жатыр. Бүгін мемлекеттік комиссия зымыран тасығыштың жанар-жағар май құю мен ұшыртуға дайындығы жөнінде шешім қабылдауы тиіс.
«Прогресс М-29М» ғарыш жүк кемесін ұшырту 1 қазанға Астана уақытымен сағат 22:49 жоспарланған.
Жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) шамамен 2,5 тонна «құрғақ» жүк, жанар-жағар май компоненттерін, су мен газ қорын, сонымен қатар ғылыми тәжірибелерге арналған қондырғыларды жеткізуі тиіс. Сонымен қатар, «Прогресс М-29М» станса құрамындағы түрлі операцияларға, қалдықтарды шығару мен қондырғыларды шығаруға жұмылдырылады, деп атап өтті Роскосмостың баспасөз қызметінен.