ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ
Қызылорда облысында Конституция күні қарсаңында Жалаңтөс баһадүр атындағы ауыл тұрғындары заманауи дәрігерлік амбулаторияны пайдалануға мүмкіндік алды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Шағын әрі ыңғайлы ғимаратты мемлекеттік тапсырыс бойынша «Болашақ» ЖШС салған, жоба құны 84 млн теңгеден асады. Бұған қоса, амбулаториядан бөлек, мұнда күндізгі стационар да орналастырылды, ол күн сайын 10 науқасты қабылдай алады.
«Саламатты Қазақстан» және «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламалары аясында ауыл тұрғындары үшін қыруар іс тындырылды, болашақта да бұл жалғасын таппақ, - деді Жалаңтөс баһадүр атындағы ауыл орналасқан Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Балгүл Мәмен. – Мысалға, біз қазір Әйтеке би кентінде 150 орындық аурухана мен Өркендеу ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысына қажетті құжаттарды дайындап жатырмыз. Біртіндеп осындай қазіргі заман талаптарына сай медициналық мекемелер әр елді мекенде ашылады».
Бүгінде Қызылорда облысының денсаулық сақтау жүйесінде оң өзгерістер көп. Биыл 4 ауылдық аурухана жұмысын бастады: Келінтөбе, Бірлік, Қожакент және Сұлутөбеде. Сондай-ақ Сырдария ауданының Тереңөзек кентінде бір ауысымда 250 келушіні қабылдайтын емхана пайдалануға берілді. Бір жыл ішінде 14 дәрігерлік амбулатория мен 3 емхана ашылады деп жоспарланған.