ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ ӨНДІРУДІҢ ҚАЗІРГІ ДЕҢГЕЙІН САҚТАП ҚАЛА АЛАДЫ
Қазақстан мұнай өндіру бойынша қазіргі көлемін сақтап қала алады, деп мәлімдеді Kazenergy-2015 Х Еуразиялық форумы аясындағы баспасөз конференциясы барысында «Kazenergy» қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев, деп жазады primeminister.kz.
«Қазір мұнай бағасы өте төмен болғанына қарамастан, Қазақстанның энергетикалық секторы басқа да ірі өндіруші өңірлер сияқты бүгінгі таңда қиындыққа тап болды, алайда жалпы біздің ірі жобалар Қазақстанда бар өндіру деңгейін сақтап қалуға қабілетті екенін көріп отырмыз, және келешекте оны тіпті арттыра да алады», - деді Тимур Құлыбаев.
Оның айтуынша, келесі жылдың басында «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ мен оның серіктестері «Теңізшевройл» жобасын кеңейту туралы шешім қабылдайды.
«Қазақстан 2020 жылдың басында тәулігіне 2 млн баррель өндіретін жағдайға жетуі мүмкі, демек еліміз аса ірі мұнай және газ өндірушілердің ондығына ене алады», - деп атап өтті ол.
Оған қоса, ол көмір сияқты отын түрі аса маңызды болатынын атап өтті. Оның мәліметінше, генерациялық қуаттылықтардың 60 пайыздан астамы көмір арқылы өндіріледі.
Энергетикалық қауымдастық басшысының айтуынша, Қазақстанда баламалы энергия көздерін дамытуға баса көңіл бөлінеді. Осылайша, «Самұрық-Энерго» жел электр станциялары бойынша алғашқы жобаларын таныстырды, «Қазатомпром» компаниясымен күн панельдерін жасау бойынша зауыт салынды.
ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қазақстан 2015 жылға болжанған мұнай өндіру көлемдерін бастапқы 83 млн тоннадан 79 млн тоннаға төмендетті.