ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ҒИМАРАТЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, аймақ басшысы Қ.Көшербаев партиялық қоғамдық қабылдау өткізіп, жеке және қоғамдық маңызды мәселелермен келген бірқатар азаматтарды қабылдады.
ҚР сіңген дәрігері, денсаулық сақтау саласының үздігі, Жалағаш ауданының құрметті азаматы Сақы Қалыбай өңір басшысынан Жалағаш ауданының орталық аурухана ғимаратын қайта жаңғыртудан өткізуіне ықпал етуін сұрады. Бұрынғы ғимараты 1998 жылы асар әдісімен салынған. Санитарлық талаптарға сай емес. Облыс әкімі аурухана мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде қайта жаңғыртудан өтетінін айтты.
– Сіз көтерген мәселе өте дұрыс. Жалағашқа орталық аурухана қажет. Қайта жаңғырту мәселесін шешу жолдарын іздестіреміз, - деген аймақ басшысы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына мәселені қарап, ұсыныс енгізуді тапсырды.