ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің мәжіліс залында департамент бастығының төрағалығымен департамент жанындағы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Кеңес отырысына Қызылорда ОІІД бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов, қоғамдық кеңестің мүшелері Қызылорда ОІІД-нің Ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Пеисов, тілші Е.Әбіл, «Караван» газетінің меншікті тілшісі Е.Джикибаев, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының мүшесі С.Ахметқалиев, Қызылорда облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Р.Чагай, «Болашақ жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Мастеков, кәсіпкер Е.Раймов және департамент бастығының орынбасарлары, барлық қызмет салаларының бастықтары қатысты.
Кеңестің қарауында тұрған басты мәселелер бойынша ОІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы Г.Қайырбергенова «Полиция имиджін көтеру бағытында бұқаралық ақпарат құралдарында жариялылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылған ұйымдастырушылық жұмыстардың жағдайы» тақырыбындағы және Кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Б.Нұрмановтың «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты институционалдық бес реформасының әр бағыты бойынша баяндамалары тыңдалып, кеңінен талқыланды.
Ішкі істер органдарының ақпараттық саясаты басым бағыттарының бірі – қазақстандық полиция туралы объективті қоғамдық пікірді қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыс жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттарын қамтамасыз ету, сыни жарияланымдарға жедел ден қою, резонанстық жағдайларға, сондай-ақ интернет желісінде, әлеуметтік желілерде құқық бұзушылық белгілері бар материалдарға, хабарламаларға және түсіндірмелерге ақпараттық ден қою шараларын қабылдау екендігін Г.Қайырбергенова атап өтті.
Бұқаралық ақпарат құралдары бұқара халықпен қолжетімді әрі тиімді байланыс орнатып, полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, бұқарамен жақындастыруға және де ішкі істер органдарына деген сенімді арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.
Халық арасында полиция қызметі жайлы оң пікір қалыптастырып, қоғамдық тәртіпті сақтап, құқық бұзушылықтың алдын алуда немесе қылмысты ашу барысында жеткен жағымды нәтижелері жайлы тұрақты түрде ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялап, ашықтықты қамтамасыз ету басты бағыттардың бірі болып табылатындығы да баса айтылды.
Содан кейін, сөз кезегі полиция майоры Б.Нұрмановқа беріліп, ол Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынған 100 нақты қадамы – дамуға, ілгерілеуге, құқықтық тұрғыдан жаңғыруға әкелетін сәтті ойластырылған бағдарлама екенін ерекше атап өтті.
Полицияның қоғамның сенімін арттыратындай жұмыс жасауы үшін қазіргі таңда өзекті болып тұрған мәселелерді көтеріп, нақты міндеттер белгіленгендігі, полиция қызметкерлерін іскерлік қабілеттері неізінде іріктеу жүйесін жақсарту мәселесі туралы айтылды.
Күн тәртібіндегі мәселелер төңірегінде кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, тұжырым жасалынып, қорытындыланды.