ЕЛІМІЗДІҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ КҮН АШЫҚ
Қазақстанның басым аумағында күн жауын-шашынсыз, тек республиканың солтүстігінде кей жерлерде жаңбыр жауып, тұман түседі, екпінді жел соғады, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлайды BNews.kz.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қызылорда, түнде Маңғыстау, Атырау, күндіз Ақмола өңірлерінде 15-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан өңірлерінде кей бөліктерде тұман түседі деп күтілуде. Алматы, Жамбыл аймақтарында түнде -1…-6 градус үсік жүреді. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе және Қостанай облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.