ЖАСТАРДЫҢ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҢЫЗДЫ
Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында тұлғаны бала кезінен қазақстандық париотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу туралы айтылған.
Осыған орай, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, оған қарсы мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері 2015 жылғы 29 қыркүйекте Қызылорда қалалық №101 орта мектебінің 8 сынып оқушыларына, «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатында оқушылар бизнес, болашақ және жұлдыз атауларымен үш топқа бөлінді. Топтар ситуациялық үш тақырып және олардың назарларына ұсынылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтерді тамашалап, олар бойынша өз ойларын жеткізді.
Сонымен қатар, Департамент тарапынан қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанттары Т.Примова, А.Жаңабергенова және мектеп инспекторы оқушыларға сыбайлас жемқорлық дегеніміз не, онымен қалай күресуге болады, жалпы жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру жөнінде әңгіме қозғап, арнайы дайындалған «Біздің таңдауымыз - жемқорлықсыз болашақ» тақырыбындағы плакаттарды таратты.
Өз кезегінде оқушылар тәрбие сағатқа қызығушылықпен қатысып, сыбайлас жемқорлыққа олардың өмірінде орын жоқ екендігін, сондай-ақ әрқашан таза білім алып, елінің адал да патриот азамат болатындығын жеткізді.