ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚЫЗЫЛША АУРУЫНА ҚАТЫСТЫ 118 ОҚИҒА ТІРКЕЛДІ
Қызылорда облысында жыл басынан бері 8 ай ішінде қызылша ауруына қатысты 118 оқиға тіркелді. Ал былтырғы жылы аймағымызда тек 19 жағдай орын алған болатын. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен жиын барысында облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ұлбосын Аханаева хабарлады.
Қазан айының 1-нен бастап Қызылорда обылсында 15 жастан 19-жасқа дейінгі тұлғаларға қызылшаға қарсы қосымша егу жұмыстары басталмақ. Иммундау апталығының негізгі мақсаты жұқпалы аурулардың тиімді алдын алу жолдарының бірі вакцинацияны халық арасында кеңінен насихаттау болып табылады. Медициналық егу науқанына алдын ала семинар сабақтардан өткен 286 маман жұмылдырылады деп күтілуде. Сауықтыру-егу пунктеріндегі дайындықтар мен насихат жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп келеді. Айта кетейік өткен жылы 38 мың жасөспірім егумен қамтылып, 90,6 пайызды құраған болатын. Биыл қазан айының алғашқы онкүндігінде 4120 доза вакцина егіліп, қызылшаның алдын алу жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.
«Қазіргі уақытта жұқпалы аурулардың алдын алумен оларға қарсы күресудің негізгі әдісі вакцинация болғандықтан барлықтарыңызды иммундау апталығы барысында өздеріңізге және балаларыңызға екпені уақытында алуға шақырамын. Жергілікті аудандық, қалалық емханалардың егу пунктеріндегі дайындықтар аяқталып, жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының рұқсаттары алынды. Ендігі көп ұзатпай қазан айының 1-10 аралығында облысымыздың барлық аймақтарында қызылшаға қарсы егу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Атқарылатын іс-шаралар жоспары күн сайын облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы жетекшілік ететін егу кампаниясының отырыстарында талқыланып отыр», - деді Ұлбосын Аханаева.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА