ҚОЛДАНЫСТАҒЫ СОТ ЖҮЙЕСІ ХАЛЫҚҚА ТИІМДІ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында Қызылорда облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов пен Судьялар Одағының Қызылорда облысы филиалының, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Айбек Дәуренбеков «Ұлт Жоспары - 100 нақты қадамның» соттарға қатысты қадамдарының негізгі ережелерімен таныстырды.
Іс-шараны ашқан Қайрат Адранов «100 қадам» Ұлт жоспарының - заң үстемдігін қамтамасыз етуге арналған шараларға тоқтала келе, алдағы уақытта сот жүйесін біршама оңтайландыруға байланысты сот жүйесіне қатысты жүзеге асатын жаңалықтарды айтып өтті.
«Қазіргі қолданыстағы бес сатылы сот жүйесі үш сатылы болып өзгереді. Бұл өз кезегінде сотқа жүгінуші халыққа да тиімді. Ал, үш сатылы сот жүйесі – халықаралық тәжірибеде бар екені баршаға мәлім. Осыған байланысты кассациялық саты облыстан Қазақстан Ресубликасының Жоғарғы Сотының құзырына ауысады. Енді бірінші саты – аудандық соттар, апелляциялық саты – облыстық соттар, кассациялық саты – Жоғарғы Сот болады. Сот сатыларын оңтайландыру, сот төрелігінің сапасын арттырудың басты жолы болып табылады», - деді облыстық соттың алқа төрағасы Қайрат Адранов.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Айбек Дәуренбеков «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қарастырылған «біліктілік талаптарын күшейту және сот лауазымына кандидаттарды іріктеу механизмі» мәселесіне кеңінен тоқталды.
Брифинг барысында тілшілер тарапынан түрлі сауалдар қойылып, сот саласына қатысты 11 қадам аясында толық мәліметтер берілді. Мұнан өзге облыс соттарының сот әділдігін атқарудағы жұмыс көрсеткіштері мен Қызылорда облысы соттарында Ұлт жоспары 100 қадам аясында атқарылған іс-шараларға тоқталып өтті.