2015 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАНДА №429 «ПРОГРЕСС М-29М» КӨЛІКТІК ЖҮК КЕМЕСІН ТІРКЕГЕН «СОЮЗ-У» ТАСЫМАЛДАҒЫШ ЗЫМЫРАНЫНЫҢ ҰШЫРЫЛЫМЫ БОЛАДЫ
Бұл туралы Қазғарыштың баспасөз қызметінен хабарлады. Ресей Федерациясының «Жерүсті ғарыштық инфрақұрылым объектілерін пайдалану орталығы» федералдық мемлекеттік унитарлы кәсіпорнының ақпараты бойынша 2015 жылдың 1 қазанында Астана уақыты бойынша 22 сағат 49 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан №429 «Прогресс М-29М» көліктік жүк кемесін тіркеген «Союз-У» тасымалдағыш зымыранын ұшыру жоспарланған.
Қазіргі уақытта барлық ұйымдастырушылық-дайындық жұмыстары штаттық режимде жүріп жатыр.
Қазіргі уақытта барлық ұйымдастырушылық-дайындық жұмыстары штаттық режимде жүріп жатыр.