ЛОНДОНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясының шешімдерін орындау мақсатында Лондон қаласында Қазақстандық бейбітшілік және келісім орталығының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BNews.kz.
Ашылу салтанатына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, «Қазақстан Қағазы» АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы, Ұлыбритания Парламентінің Қауымдар палатасының депутаты сэр Тони Болдри, британдық инвесторлар, ғалымдар, екіжақты ынтымақтастық туралы келісімдердің шеңберінде қарым-қатынас жүргізетін компаниялардың өкілдері қатысты.
Сөз сөйлеу барысында Е.Тоғжанов қатысушыларды этносаралық толеранттық және қоғамдық келісімнің қазақстандық моделімен, Ассамблеяның рөлі және міндеттерімен таныстырды. ҚХА төрағасының орынбасары шетелдік өкілдердің (Франция, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, Түркия, Қытай, Ресей, Испания, Голландия, Израиль және тағы басқа) Ассамблеяға оның тәжірибесін зерттеу үшін 60 рет жүгінгенін атап өтті. Қазақстандық модель БҰҰ-да, ЕҚЫҰ елдерінде, ірі халықаралық форумдар өткен мемлекеттерде – Копенгаген, Вена, Женева, Нью-Йоркта таныстырылды.
Салтанатты рәсімде атап өтілгендей, орталықтың ашылуы этносаралық толеранттық және қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін Еуропа елдерінде жылжытуға, мемлекетаралық қарым-қатынастарды нығайтуға, саяси, сауда-экономикалық және білім беру – мәдени ынтымақтастықтың басым секторларында екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша серпіліс беруге бағытталған.
Орталықтың қызметі, сондай-ақ ғылым мен білім кластерлерін құруға, мәдениет, тіл және білім беру салаларындағы жобаларды іске асыруға бағытталған гранттар бөлуге, британдық бизнесті ғылыми-техникалық және зерттеу жобаларды әзірлеуге және іске асыруға тартуға, Қазақстан мен Ұлыбританияның жетекші жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамдарының өзара тәжірибе алмасуға бағытталатын болады.