ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ӨНДІРІСТІК СЕКТОРДАҒЫ СЕРПІНДІ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Негізінен агроаймақ саналатын Сыр елінде кәсіпкерлік саласы өркен жайып келеді. Мемлекет қолдауының арқасында өңір экономикасын өрге сүйрейтін өндірістік сектордағы серпінді жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды 24.kz.
Соның бірі – Қармақшы ауданы Ақай ауылындағы бетон өнімдерін шығаратын «Мир-2001» серіктестігі. 23 миллион теңге пайызы төмен несиеге қол жеткізген шағын зауыт жаңғырту және кеңейту жұмыстарын жүргізіп, өнім көлемін арттырды. 15 жыл бұрын кәсібін бастаған серіктестік алдымен тазартылған су шығарумен айналысты. Түрлі сыйымдылықтағы құтыға құйылған сапалы ауызсу негізінен Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданына таратылады.
- Қуаттылығы күніне 19 литрлікті айтатын болсақ, 150-200 бөтелке шығаруға болады. Бағасы 350-400 теңгеге дейін. Су сатып, қор жинаған кәсіпкер 2006 жылы пластикалық есік-терезе әзірлеп, орнататын цех ашады. Күрделі құрылымдық иірімдерді талапқа сай жасайтын шеберлер өнімі де жоғары сұранысқа ие, - дейді «МИР-2001» ЖШС директоры Ерлан Медетов.
Құм-тас қосындысын тың әдіспен дайындайтын көше төсеніштері де қолданқолға тұрмай саудалана бастады. Тұтынушылар ауыл-аудан тұрмақ тіпті 300 шақырым жердегі облыс орталығынан да іздеп келеді.
- Атап айтсақ, түрлі бордюрлер, тратуарлық плиткалардың оннан аса түрін, өңдегіш плиткалардың бірнеше түрін және архитектуралық-декоротивтік бұйымдардың бірнеше түрін шығарады. Ағымдағы жылдың тамыз айында «МИР-2001» серіктестігі «Алтын сапа» байқауының облыстық деңгейінде 2-орын алып, аудан мерейін үстем етті, - дейді аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Әсет Омаров.
Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 23 млн теңге алып, заманауи құрал-жабдықтармен жарақтанған кәсіпорында қазір барлық өндірістік процесс автоматтандырылған. Күніне 300 шаршыметр бетон өнімдері дайындалады. Барлық цехты қосқанда 70-тен астам жұмысшы тер төгеді. Қазіргі таңда зауыт басшылығы тағы да жаңа кәсіптің нобайын пішіп жүр.