ЕЛІМІЗДІҢ КЕЙ ӨҢІРЛЕРІНДЕ КҮН СУЫТАДЫ
Қазақстанның басым аумағында күн жауын-шашынсыз. Республиканың солтүстігінде кей жерлерде жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыста таулы аудандарда түнде жауын-шашынды, кей бөліктерде тұман түседі деп күтілуде, екпінді жел соғады, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл облысында 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан өңірінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с-кейін барады. Қызылорда облысында да жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі. Маңғыстау, Атырау аймақтарында күндіз 15-20 м/с жел соғады, Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Ақмола, Қарағанды, Алматы өңірлерінде кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында түнде 1-3 градус үсік жүреді.