ЕЛДЕР МЕН ХАЛЫҚТАРДЫ БІРІКТІРГЕН ЭКСПЕДИЦИЯ СЫР ЕЛІНДЕ
Астана қаласында бастау алған Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық «Ұлы Дала Елі» тарихи-мәдени экспедициясы Қызылорда облысына келіп жетті. Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының төрағасы Дос Көшім, ҚР Жазушылар Одағының облыстық филиалы төрайымы Қаршыға Есімсейітова, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова, саясаттанушы, саясаттану ғылымдарының кандидаты Сәулет Сахиев және «Қоғамдық келісім» МКМ директоры Уәлихан Ибраевтың қатысуымен брифинг өтті.
Еліміздің төрт ауданында болып үлгерген «Ұлы Дала Елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы аясында Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған біраз жұмыстар атқарылып жатыр. Қызылорда облысына келіп жеткен экспедиция мүшелері кеше Арал ауданында өткен Айдарбек батырдың ескерткіші ашылуына орай ұйымдастырылған үлкен шараға қатысып, Сыр елінің сән-салтанатымен танысты. Сонан соң ескі Жанкент қаласын мен Қорқыт ата мемориалдық кешенін аралады. Гүлденген Н.Ілиясов ауылының тыныс-тіршілігімен танысты. Қызылорда халқымен кездесіп, қазақ елінің тарихын халыққа танытып, еліміздегі ұлттар достастығын, бірлігін және тұрақтылығын насихаттады.
Экспедицияның Сыр еліндегі ендігі сапары Шиелі, Жаңақорған аудандарында жалғаспақ. Сонан соң керуен қасиетті Түркістан қаласына жол тартады. Осы жерде естеліктер жазылған экспедицияның кітап-күнделігі Оңтүстік Қазақстан облысы халқына табысталады.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА