АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ЖОЙЫЛУЫ БІЗДІҢ ӨҢІРГЕ ҒАНА ЕМЕС, БҮКІЛ ӘЛЕМГЕ ҚАУІПТІ - НАЗАРБАЕВ
Арал теңізінің жойылуы біздің өңірге ғана емес, бүкіл әлемге қауіпті. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 27 қыркүйекте БҰҰ-ның Нью-Йоркте өтіп жатқан Саммитінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті республикамыздың парник газының зиянын азайтып, ғаламшарымыздың биологиялық алуан түрлілігін сақтап қалуға жағдай жасап отырғанын ерекше атап өтті. "Біздер "жасыл" экономикаға көшудің ұлттық тұжырымдамасын бекіттік. Жойылып бара жатқан Арал теңізінің мәселесі біздің өңірге ғана емес, бүкіл әлемге қатер төндіреді. Теңіздің тартылуы салдарынан жыл сайын 75 миллион тоннаға дейін шаң мен улы тұзды жел көтеріп, оның тозаңы қазірдің өзінде Еуропа мен Антарктидадан табылып отыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.